Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br>Сарқан ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Сарқан ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 

Имангазиева Панар Анварбековна 1967 жылы 6 қаңтарда Алматы облысы Новопокровка ауылында дүниеге келген.

1974 жылы осы ауылдағы А.Матросов атындағы мектепке 1 сыныпқа барып, 1984 жылы орта білім алған.        

  Имангазиева Панар Анварбековна Сарқан ауданының білім  саласына  26 жыл еңбек өтілімен өз үлесін қосқан білікті маман, білікті басшы. 1986-1987 жылдары Сарқан қаласындағы №11 кәсіптік- техникалық училищенің К-700 жүргізушісін даярлайтын тобында оқып, одан жолдама арқылы Талдықорған қаласындағы индустриалды- педагогикалық техникумына оқуға түскен. 1990 жылы аталған техникумды «Үздік» дипломмен аяқтап, өндірістік оқыту шебері мамандығын алған.  1990 жылдан 1992 жылға дейін Сарқан қаласындағы Абай атындағы орта мектебінде аға тәлімгер болып жұмыс істеп, 1992-1993 жылдарда Сарқан қаласындағы пионерлер үйінде әдіскер болып еңбек етті. 1994-2001 жылдары  Абай  атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 2001-2003 жылдары осы мектептің бастауыш сыныптар меңгерушісі, 2003-2004 жылдары тәрбие жұмысының меңгерушісі, 2004-2006 ғылыми-әдістемелік жұмыс меңгерушісі болып қызмет етті.  2005 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетің бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша оқуын аяқтайды. 2006-2008 Черкасск орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 2008-2012 жылдары Сарқан аудандық білім бөлімінің бас маманы болып істеді. 2012 жылдың  6-шы қарашасынан бері  Сарқан аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

     Еңбек жолыда 2000 жылғы облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының ІІІ орын иегері атанған. 2003 жылы АОМКДИ ұйымдастырған облыстық педагогикалық оқуларға қатысып, құрмет грамотасымен марапатталған. 2005 жылы  еселі еңбегі, шығармашылық ізденісі, оқыту үрдісіндегі қол жеткізген оңды нәтижелерін  бағалай отырып, облыс әкімі  С. Үмбетов алғыс хатпен марапаттады. 2000-2005 жылдары аудандық білім бөлімінің құрмет грамоталарымен мадақталған. 2004, 2009 жылдары жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталған. Облыстық «Білім шапағаты» газетінің 2009 жылғы №28 санында жарияланған «Бастауыш сыныптарды оқыту әдісі» тақырыбында, «Атамекен- ай» көпшілік- танымдық журналының 2009 жылғы №6 санындағы «Нәтижеге бағдарланған білім беруде мұғалімдер қызметін ұйымдастырудың бағыттары» тақырыбында,  аудандық «Сарқан» газетінің 2009 жылғы 28.03 күнгі №18 санындағы «Тіл тағдыры- ел тағдыры» тақырыбында, 2015 жылғы халықаралық «Үкілім-ай» журналында «Келешекке-кемел біліммен» атты мақалалары жарық көрді.  2011 жылы 29 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің  құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды. 2013 жылы 5 маусымда «Тәуелсіздік – тірегім, теберігім!» атты ІІІ-ші Халықаралық балалар фестиваліне белсене атсалысқаны және қолдау көрсеткені үшін «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің алғыс хатымен марапатталды. 2013 жылы тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы белсенділік үшін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. 2014 жылы Алматы облысы Қазақстандағы қазіргі заманғы білім беру атты кітапқа шықты. Осы жылы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың «Алғыс хатымен»,  Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2015 жылы облыстық білім басқармасының басшысы Л. Базарқұлованың «Алғыс хатымен», сондай-ақ аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

2016 жылдың 3 маусымында Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі болып сайланып, академик атағы берілді.

2016 жылдың  5 қазанында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» белгісімен марапатталды.

Осы жылдың 29 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің №29 жарлығы бойынша «Қазақстан Републикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен наградталды.

Copyright © 2017, Алматы облысы Сарқан ауданының білім бөлімі

КІРУ